МФО Белый

Микрокредит беру құжаттары мен шарттары

Қарыз алушы микрокредит беру туралы шарт жасалғанға дейін алатын ақпарат.

Беру шарттары

Микрокредиттің шекті сомасы
  • Смартфонды алып жүру құқығымен кепілге қою (iPhone, Samsung): 194 625 ₸ дейін (45 АЕК)
Микрокредит мерзімі
1–15 күн

Артық төлем сомасы

Микрокредит бойынша артық төлем сомасы сомаға, мерзімге және сыйақы мөлшерлемесіне қарай жеке есептеледі. Алдын ала есеп басты беттегі калькуляторда, нақты есеп — микрокредит беру туралы шартта.

Микрокредит алуға қажетті құжаттар

  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат
  • Кепілге берілетін смартфон және бар болса, оған қатысты құжаттар не түбіртек
  • Ақша алу үшін банк картасы немесе Kaspi нөмірі
  • Соңғы 6 айдағы банк шоты бойынша үзінді көшірме
  • 21 жасқа толмаған қарыз алушыларға — ресми табысты растайтын құжат (борыш жүктемесі коэффициентін есептеу үшін)

Микрокредитті кім ала алады

  • Жеке басын куәландыратын құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматы.
  • Кепілсіз банк қарыздары мен микрокредиттер бойынша бес айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде күнтізбелік 60 күннен астам мерзімі өткен берешегі жоқ.
  • Смартфон қарыз алушының меншігінде, үшінші тұлғалардың кепілінде емес және өзге ауыртпалықтары жоқ.

Микрокредитті қалай өтеуге болады

  • «Белый» мобильді қосымшасында — Kaspi арқылы немесе банк картасымен. Картамен төлеу Freedom Bank арқылы жүзеге асырылады, Apple Pay және Google Pay қолжетімді.
  • «Белый» қосымшасына кірмей, ЖСН бойынша Kaspi арқылы. Мерзімін ұзарту үшін алдымен қосымшада жаңа шартқа қол қойыңыз; қол қойылғанға дейін Kaspi арқылы тек толық өтеуге болады.
  • Ұйымның шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы
  • Төлем терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен
Банк
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
ЖСК
KZ71601A861090628341
БСК
HSBKKZKX
Кбе
15

Төлем сомасы жеткіліксіз болғандағы өтеу кезектілігі

  1. 1Негізгі қарыз бойынша берешек
  2. 2Сыйақы бойынша берешек
  3. 3Шартта айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы
  4. 4Ағымдағы төлем кезеңіндегі негізгі қарыз
  5. 5Ағымдағы кезең үшін есептелген сыйақы
  6. 6Ұйымның орындауды алуға байланысты шығындары

Смартфонға қатысты міндеттер

  • Смартфонның сақталуын қамтамасыз ету және оны үшінші тұлғаларға бермеу.
  • Ұйымның алдын ала жазбаша келісімінсіз смартфонды иеліктен шығармау.
  • Құрылғының сәйкестендіру деректерін, оның ішінде IMEI мен сериялық нөмірді өзгертпеу.
  • Кепілдің сақталуына әсер ететін жоғалу, бүліну және өзге де мән-жайлар туралы дереу хабарлау.
  • Ұйымға смартфонның жай-күйін тексеру мүмкіндігін беру.

Шарттардың үлгі нысандары

Қарыз алушы мен кепіл берушінің жауапкершілігі

Микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелер бұзылған кезде қарыз алушы шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады: тұрақсыздық айыбы есептеледі, мәліметтер кредиттік бюроға беріледі, берешек кепіл заты есебінен өндіріп алынуы мүмкін.

Қарыз алушының жауапкершілігі және мерзімі өткендегі құқықтары

Өзге құжаттар